Қызылорда облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Қызылорда облысының полицейлері есірткінің ірі партиясын тәркіледі.

Жаңақорған ауданы Байкенже ауылының айналасына шолу жүргізген тәртіп сақшылары өсіп тұрған екі мыңдай түп қарасораның үстінен түскен. Одан бөлек тінту барысында тоғыз келі кептірілген марихуана, тіркеуде жоқ қос мылтық пен оқдәрі табылды. Сол төңіректен көп ұзай қоймаған үш күдікті де қолға түскен.

Темір Досмайыл, облыстық ПД баспасөз қызметінің инспекторы:

- 59, 39 және 29 жастағы күдіктілер уақытша қамау абақтысына қамалды. «Қара сора» профилактикалық шарасы басталғалы осындай 24 дерек анықталып, 3 мың түптен астам есірткі тәркіленді.