Алматы облысында жол апатынан ер адам көз жұмды

3 тамыздың түнінде Алматы облысындағы Тұздыбастау ауылында жол апаты болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Үлкен Алматы каналының бойындағы тас жолмен келе жатқан Toyota RAV4 автокөлігі бұрылыста жолдан кюветке ұшып кеткен екен. Аударылып, 30 метрдей домалаған көлік каналдың бетон қоршауына тіреліп барып бір-ақ тоқтаған.

Көлік быт-шыт болды. Бір куәгер бұл RAV4 көлігінің аса жоғары жылдамдықпен өзінен озып кеткенін айтты. Бірнеше секундтан кейін жол жигеніде шаң бұрқ ете қалыпты.

Дәрігерлер келген соң оқиға орнында бір жігіттің өлі денесі табылды. Тағы бір жігіт ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына тергеушілер келді.