Президент белгілі журналист Амангелді Сейтхановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы белгілі журналист Амангелді Сейтхановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

«Белгілі журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейтхановтың дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын.

Аманкелді Мәулітқанұлы қазақ спорт журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның есімі ел есінде мәңгі сақталып, қазақ телевизиясының тарихына алтын әріптермен жазыларына сенімдімін.

Марқұмның алды пейіш, арты кеніш болсын», - деп жазылған Президенттің көңіл айту жеделхатында.