Жантүршігерлік жол апаты: Ақтөбе облысында бір отбасының төрт мүшесі қайтыс болды

Ақтөбе облысында ЖКО салдарынан бір отбасының төрт адамы қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

«16 тамыз күні сағат 19:15-те Ырғыз ауданы Қалыбай кентінің жанындағы Самара-Шымкент автожолында (аудан орталығынан 90 шақырым жерде) жол-көлік оқиғасы болып, адам өліміне әкеп соқты. Полиция қызметкерлері Шалқар ауданының тұрғыны 39 жастағы Nissan X-Trail автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Ырғыз кенті бағытында Қалыбай ауылына жақын жерде Самара-Шымкент автожолымен жүріп келе жатқан Қырғызстан Республикасының азаматының басқаруындағы Volvo FH460 жүк көлігімен соқтығысқанын анықтады», – делінген баспасөз мәліметінде.

Жол апатының салдарынан Nissan X-Trail автокөлігінің жүргізушісі, оның 40 жастағы зайыбы, 11 жасар ұлы алған жарақатынан ЖКО орнында көз жұмып, 5 жасар ұлы мен 10 жасар қызы Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жатқызылып, онда бес жасар ұлы көз жұмды. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.