Оралда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Оқиға салдарынан бір адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

№2 бағытта жүретін автобус Абай және Назарбаев даңғылдарының қиылысынан солға бұрылған кезде қарсы беттегі Audi көлігіне жол бермеген.

Автобустағы бір жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қоғамдық көлік жүргізушісі 68 жастағы зейнеткер болып шықты.

«Жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 610-бабы бойынша хаттама толтырылды», - деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметі.