Ақтөбеде мектептерге жарылғыш зат қойылды деген хабар тарады

Алғашқы қоңырауда Ақтөбеде мектептерге жарылғыш зат қойылды деген хабар тарады.

Қаладағы жеті бірдей білім ордасының электронды мекенжайына бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Алғашқы қоңырауға жиналған жұрттың барлығы дереу қауіпсіз жерге көшірілді. Оқушылар мен оқытушылар құрамы, техникалық қызметкерлер де эвакуацияланды. Арнайы бөлімше саперлері барлық ғимараттарды тексеріп, жарылғыш заттарды іздестіріп жатыр. Әзірге ешқандай жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.