Атырауда құрылыс материалдары бар қойма өртенді

Тілсіз жау жалпы ауданы жүз шаршы метрге жуық жерді шарпыған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан қоймадағы стекловата, пенопласт және басқа да құрылысқа пайдаланылатын материалдар құрылыс материалдары жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ, қазір өрттің себебін арнайы қызмет мамандары анықтап жатыр.