Алматыда автокөлік қыз баланы қағып өлтірді

Қайғылы оқиға Алматыдағы «Нұрлы тау» шағын ауданында болды, деп хабарлайды Хабар 24 zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Skoda Rapid автокөлігі Сапарлы жол көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатқан. Жүргізушінің айтуынша, бала кенеттен жолға атып шыққан.

Жүргізуші көлікті тоқтатып, апатты болдырмас үшін бұрылуға тырысқанымен тым кеш болған. 12 жасар қыз бала көлік соққысынан бірнеше метрге ұшып кеткен.

Жүргізуші дереу жедел жәрдем шақырған, алайда оқиға орнына жеткен келген дәрігерлер баланың қайтыс болғанын айтқан.

Оқиға орнында криминалистер мен жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Айта кету керек, көшенің осы бөлігіндегі шамдар жұмыс істемейді.