Оралда жол апатынан оқушы көз жұмды

Оқиға 26 қазан күні сағат 10:00 шамасында болған.

«Тойота-Прадо» автокөлігін басқарған әйел адам жол бойында жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, 10 жастағы қыз Ә.Кердері көшесін белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Оқыс оқиға салдарынан жеткіншек түрлі дене жарақатын алып, жедел  ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

«Жүргізілген медициналық куәландыру бойынша жүргізушінің масаң күйде болмағаны анықталды. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жасөспірім дүкеннен үйіне жалғыз келе жатқан. Ол екінші ауысымда оқитын 5-сынып оқушысы болған. Сотқа дейінгі тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды» деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ...