Алматыдағы құрылыс нысанында жұмысшы қаза тапты

Алматыдағы құрылыс нысандарының бірінде жұмысшы биіктен құлап, мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24» Алматы қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға Самал-3 ықшам ауданындағы құрылыс алаңында болған.

«25 жастағы құрылысшы қауіпсіздік белбеуінсіз биіктікте жұмыс істеп жүрген. Дәрігерлер бригадасы келгенше жас жігіт оқиға орнында жан тапсырды. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша арнайы сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі», - деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.