Ақтаудағы жол апаты: көліктердің бірі аударылып қалды

Жол апаты бүгін, 16 қараша күні Ақтаудағы 17 шағын ауданда болған.

Куәгерлердің сөзінше, Mitsubishi Pajero көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, жақын маңайда тұрған бірнеше көлікті соққан. Салдарынан автомобильдердің бірі аударылып қалды.  

Оқиға орнында полиция қызметі мен жедел жәрдем жұмыс істеп жатыр.