Үржарда жаңғақ жұтып қойған бала көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көктал ауылында жаңғақ жұтып қойған 3 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша полицейлер тергеу амалдарын бастаған.

«Аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғады. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ...