Алматы облысындағы Саты ауылында бораннан электр желілері үзілді

Дүлей бораннан Алматы облысының Саты ауылындағы электр желілері бүлінді.

Салдарынан трансформатор күйіп кетіп, 42 үйде электр тоғының қысқа тұйықталуы болған. Бұдан бөлек электр құрылғылары да істен шыққан. Қарашаның 17-сі күні түнде болған оқиғаға байланысты Кеген ауданында арнайы жұмыс тобы құрылды. Олар үзілген сымдарды жалғап, қалпына келтірген. Енді жарық беруші мекеме есебінен шығындарды өтеп беру жұмыстары жүргізіліп жатыр деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.