Ақтөбеде жоғалған геологтар аман-есен табылды

Қазір олардың жағдайы жақсы, деп хабарлайды «Хабар 24» Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтеншеліктердің айтуынша, із-түзсіз кеткен геологтар бүгін сағат 14.50-де байланысқа шыққан. Олар қыстақтан табылды.

«Жоғалған геологтар «Қисықсай» қыстағынан аман-есен табылды. Жағдайлары жақсы, медициналық көмек қажет болмады. Қазіргі уақытта табылған 4 геолог Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылына жеткізілді»,-деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 26 қарашадан бастап геологтарға іздеу жарияланды. Олар 25 қараша күні соңғы рет байланысқа шығып, кейін хабар-ошарсыз қалған. Құрамында 33 адам және 8 бірлік техникадан тұратын 5 іздеу тобы жұмылдырылды. Ал бүгін авиа іздеу үшін ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның еврокоптері ұшып, Ақтөбе-Құмсай-Қайрақты-Қайыңды-Милысай-Аралтоғай маңын шолып өтті.