Павлодарда адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Адам қағып, оқиға орнынан ізін суытқан Павлодар тұрғыны ұсталып, автокөлігі айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 


Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Volkswagen Golf көлігі белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан 62 жастағы ер адамды қағып кеткен.

«Жол апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді, оған «түрлі дене жарақаттары» диагнозы қойылды», - деді баспасөз қызметіндегілер. Полицейлер адам қаққан көлік жүргізушісін жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 345 бабының 1бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.