Елордада қар тазалау көлігінің жүргізушісі зейнеткерді қағып өлтірді

Елордада қар тазалайтын көліктің жүргізушісі әйел адамды қағып кетті.

Өкінішке қарай алған жарақаттардың салдарынан зейнет жасындағы азаматша көз жұмды. Оқиға Тілендиев даңғылының бойында болған.

Қазір тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.