Петропавлда есірткіні интернет-дүкеннен сатқан адам өмір бақи түрмеге отыруы мүмкін

Петропавлда есірткі заттарын онлайн саудалап келген күдікті қолға түсті.

Интернет-дүкенді 29 жастағы жігіт жүргізген. Ол пәтерлердің бірін жалға алып, бұл іске есірткі тұтынатын ерлі-зайыптыларды да тартқан көрінеді. Әлгі пәтерді тінту кезінде 250 грамм спайс табылды. Бұдан бөлек таразы мен есірткіні бөліп сатуға арналған заттар да тәркіленген. Қазір осы іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.