Павлодарда екі қабатты дәмхана өртенді

Павлодардағы солтүстік өнеркәсіптік аймақта ек қабатты дәмхананың шатыры өртенді. Оқиға орнында облыстық ТЖД, апаттық-медицина орталығынан 35 қызметкер мен 10 техника жұмыс істеді, деп хабарлайды Хабар24 Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қаңтарда сағат 09.03-те Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 600 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түскен.

«Шербет» дәмхана кешенінде екі қабатты кірпіш ғимараты шатырының ағаш құрылымдары толығымен жанып кетті. Өрттің жалпы ауданы – 300 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 10.53-те сөндірілді», – дейді Павлодар қаласы ТЖ басқармасы бастығының орынбасары Тілекжан Галямов.