Ақтауда көлік қағып кеткен жасөспірім ауруханаға түсті  

16 жастағы қыз қазір травматология бөлімінде жатыр. Оқыс оқиға 12 «а» мен 27- шағынаудан арасындағы тас жолда болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Toyota» автокөлігінің жүргізушісі жолды кесіп өтіп бара жатқан екі адамның біреуін қаққан. Қазір бойжеткен облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімінде ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, көз айналасындағы сүйек сынып, миы шайқалған және жамбас буынынан соққы алған. Жүргізушіге қатысты әкімшілік-құқық бұзушылық кодексі 610-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.