Орал түрмесінде төбелес болды

Түрмедегі төбелестен 9 адам жарақат алды. Жазасын өтеушілердің бірі жансақтау бөліміне жеткізілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Зашаған кентіндегі РУ170/2 колониясында түнгі төрттің кезінде болды. Төбелес орнынан темір біліктер мен таяқтар табылды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Дариға Мәжитова, облыстық ПД баспасөз қызметінің бас маманы:

– Осы оқиғаның салдарынан 1 адам, яғни 1985 жылы туған сотталушы дәрігер қарағасын облыстық аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды. Аталған факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еркінжан Асауов Орал қалалық көпбейінді ауруханасының бөлім меңгерушісі:

– Бізде мына «травмпунктте», оларға дәрігер-травматолог, нейрохирург қарап, көмегін көрсетіп, тігетінін тігіп, бастарын КТ-ға түсіріп, рентгенге түсіріп, содан кейін «показание» болмағасын амбулаториялық емдеуге қоя берді.