Шымкентте перзентхана маңында жарылыс болып, күзетші қаза тапты

Алдын ала мәлімет бойынша перзентхана маңында орналасқан аптекада оттегі баллоны жарылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін, 21 мамырда сағат 12.06-да 102 нөміріне Шымкенттегі Г.Иляев көшесінде жарылыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Шымкент қаласы ПД басшылығы, жедел-тергеу тобы мен ТЖД қызметкерлері келіп жетті.

Олар оқиға орнына келіп жеткен бойда жарылыс салдарынан 138-ші мекенжайдағы медициналық ертінді өндірілетін ауруханааралық дәріхана ғимаратының күл-талқаны шыққанын анықтады. Жарылыстан кейін пайда болған өртті ТЖД қызметкерлері толығымен сөндірді.

Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметінен мәлім болғанындай,  жарылысқа ауада газдың көптеп жиналуы себеп болуы мүмкін.

Оқиға орнында күзетші қаза тапты. Басқа зардап шеккендер жоқ. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.