Алматы облысында 120 мұғалім жалған дипломмен бала оқытып келген

Алматы облысында дипломы жалған 120 мұғалім балаларды оқытып келген.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, олардың барлығында Ұлттық педогогика университетінің жалған құжаты болған. Мұндай жағдай төрт аудан мен Текелі қаласында анықталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кінәсін мойындаған 41 мұғалімнің рақымшылыққа ілінгені белгілі болды. Оларға қатысты қылмыстық істер жабылды. Ал қалғандары әлі тергеліп жатыр.