Атыраулық журналисті ұрып кеткен күдікті ұсталды

Атырауда жергілікті ақпарат порталының тілшісі Олеся Вертинскаяны соққыға жыққан күдікті ұсталды.

Тәртіп сақшылары оқиғаға қатысы бар 1999 жылы туған күдіктіні анықтап, қолға түсірген. Қазір осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігімен тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, 19 шілде күні сағат 9 жарым шамасында журналист Олеся Вертинскаяны белгісіз біреу үйінің алдында ұрып, мұрнын сындырып кеткен еді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі де өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын.