Алматы полициясы ұрланған көліктердің VIN-кодтарын өзгертіп отырған күдіктелерді ұстады

Арнайы операция кезінде 38 және 21 жастағы екі азамат қолға түскен,   деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың гаражынан жиынтық деректерін ауыстыру үшін дайындалған түрлі маркалы 10 көлік табылды. Криминалистер VIN-кодтарды өшіру немесе өзгерту үшін қолданылатын екі лазерлік таңбалау аппаратын, әріптік және сандық белгілері бар металл баспаларды, көлік құралдарының жиынтық деректеріне ұқсас қаріптерді тәркіледі. 

Сондай-ақ гараждан машиналардан алынған қағаз белгілер, бірнеше мемлекеттік нөмер, ноутбук, мониторлар мен процессорлар шықты. Қазіргі уақытта сәйкестендіру нөмерлері өзгертілген көліктерді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде,-дейді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.