Жетісуда 7 адам құтқарылды
Жетісу облысында қар құрсауынан жеті адам құтқарылды.
Үшаралдан Достыққа қарай жолға шыққан жүргізушілер шекара шебіндегі Достық бекетіне жеткізілді. Қазір аталған бағытта 16 жүк көлігі тұр. Онда шетелдің тоғыз азаматы бар. Олар жанармай мен азық-түліктің жеткілікті болуына байланысты эвакуациялаудан бас тартқан.
Айта кетейік, кеше ауа райының күрт бұзылуына байланысты Үшарал-Достық аралығындағы жол жабылды.
Исламбек Жәнібеков, облыстық ТЖД басқармасының аға инженері.
- Желдің жылдамдығы секундына 20 метр. Кейбір жерлерде 30 км секундқа жетеді. Қарлы боран болуына байланысты барлық автокөлік иелерінің алыс сапарға шықпауларын сұраймыз.