Маңғыстау облысындағы астан уланған балалардың жағдайы тұрақталып келеді
Маңғысау облысында мектеп асханасындағы тамақтан уланған балалардың жағдайы тұрақталып келеді, деп хабарлайды 24kz.
Қазір 17 бала емін аяқтап, ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Бүгінде станционарда 75 бала ем-дом шараларын жалғастырып жатыр. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Жансақтау бөлімінде науқастар жоқ.
Еске салсақ, өткен аптада өңірдегі Бесшоқы ауылындағы мектептердің бірінде 460 бала астан уланған болатын. Оның 92-сі емханаға жатқызылған еді. Қазір аталған факт бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал балалардың жағдайы бірте-бірте оңалып келеді.
Мұнайлы ауданында уланған оқушылардың жағдайы қалыпты
Бесшоқы ауылында тамақтан жаппай уланған оқушылардың саны 141-ге жетті. LIVE
Маңғыстау облысында тамақтан уланған оқушылар саны 287-ге жетті
Оқушылардың жаппай улануы: талдау қорытындысы 5 тәулікте дайын болады