Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлан-ғайыр даламызды ластап жатқан өз азаматтарымыз

Сонымен қатар мақалада Президент «Қазақ үшін тоқымдай жердің өзі қымбат, бір уыс топырақтың өзі алтын.

Бірақ біз соны бағалай білеміз бе?! Жер қадірін білу жалаң ұранмен өлшенбейді. Өкінішке қарай, асқар тауларымыз бен айдын көлдерімізді, ұлан-ғайыр даламызды ластап жатқан да өз азаматтарымыз. Көкжайлауға от жағып, қоқыс шашып кеткен де, Көбейтұздың батпағын шелектеп тасып, көлдің ортасында көлікпен ойқастаған да өзіміз. Бір тұтам мүйізі үшін көзін мөлдіретіп киіктерді қырған да өзгелер емес. Біз жеріміздің шын жанашыр иесі екенімізді нақты іспен көрсетуге тиіспіз. Мақалада Мемлекет басшысы қазақтың жері шетелдікке сатылмайтынын тағы бір мәрте шегелеп айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Жерге байланысты бәріміз айқын білетін және бұлжымайтын ақиқат – қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды. Осыны әр азаматымыз санасына берік сіңіруі қажет. Келесі жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына қатысты енгізілген мораторийдің мерзімі аяқталады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізіп, халықтың игілігіне жарату – өте маңызды мәселе. Сондықтан биыл жер мәселесі жөніндегі комиссияны құрып, соның аясында бір байламға келген жөн.

«Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының толық нұсқасы.

Сондай-ақ:

Қ.Тоқаев: Қазақтың жері ешқашан сатылмайды

Қ.Тоқаев: Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алуы керек

Қ.Тоқаев қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарға үндеу жасады

Президент аумақтық тұтастығымызға күмән келтіргендерге жауап берді