ҚР Президенті: Сенім мандатына ие болған депутаттар ел үмітін ақтайды деп сенемін

Біз қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі межесіне қадам бастық.

Осылай деген Президент депутаттар ел үмітін ақтайтынына сенім артатынын айтты.

«Қазіргі заманғы Қазақстан парламентаризмі ширек ғасырлық белеске жетті. Осы тарихи кезеңде сенім мандатына ие болған депутаттар ел үмітін ақтап, Отанымызға адал қызмет етеді деп сенемін», – деді Тоқаев.

Төрткүл дүние жаңа дәуірге қадам басқан тұста бізге де қалыс қалуға болмайды. Бірақ бұл жолда талай сынақ күтіп тұрғаны белгілі. Сондықтан уақыттан ұтылуға да, босаңсуға да болмайды.

«Дегенмен дәл қазіргі басты міндет – пандемияның салдарын еңсеру, – деп толықтырды сөзін Қ.Тоқаев. – Біз ғана емес, күллі дүние жүзі мүлде жаңа дәуірге бет бұрды. Өркениеттің даму жолы мен әлемдік құрылымның түп негізі түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Алдымызда сынақтар мен сын-қатерлер аз болмайды. Дегенмен барлығымыздың ең басты міндетіміз – пандемияның салдарын еңсеру».