Елбасы Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Татарстан астанасындағы мектепке жасалған қарулы шабуылға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Қазан қаласындағы №175 мектепте болған қайғылы оқиға салдарынан балалар мен ересектердің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Зардап шеккендерге тезірек сауығып, отбасыларына оралуын тілеймін», - делінген жеделхатта.