Маңғыстау облысында ауыл әкіміне үміткерлер тізімінде бір әйел бар

Жалпы кандидаттардың саны 39 адам. Кандидаттардың орташа жасы 38-де. Ең жасы 25-те болса, ең үлкені 60-қа толған.

13 үміткер сайлау өтетін ауылдық округте, тағы 20 адам сайлау өтетін ауданда тұрады. Қалған 6 кандидат басқа елді мекенде тіркелген. Айта кетсек, 18 кандидат мемлекеттік қызмет атқарады. Олардың екеуі ауылдық округ әкімі болып қайта сайлануға ниетті.

Исахан Сағынбаев, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Саяси партиялар 10 округ бойынша өз кандидаттарын ұсынды: «Нұр Отан» партиясынан 8 үміткер, «Ақ жол» партиясынан 2 кандидат, «АДАЛ» партиясынан 3 кандидат, Қазақстан халық партиясынан 3 кандидат, жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан 1 кандидат ұсынылды.