ҚР СІМ ауған босқындарын қабылдау туралы ақпаратты жоққа шығарды

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қазақстанға ауған босқындарының келетіні, олардың Шымкент қаласы мен Түркістан облысына орналасатыны туралы ақпарды теріске шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін WhatsApp мессенджерінде Қазақстанға 70 мың ауған азаматы келеді деген жалған ақпарат тарап кеткен еді. Оған сәйкес, оның 500-і ұшақпен Шымкент әуежайына келген, тағы 1500 адам алдағы уақытта келеді екен. «Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп жазылған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.