Ауғанстаннан эвакуациялау жұмыстары: қырғыз министрі Қазақстанға алғыс айтты

Қырғызстанның сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев та Қазақстан билігіне алғыс айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біздің ел ауған жерінен 14 қырғыз азаматын эвакуациялағанын жаңа айттық. Одан бөлек Ауғанстандағы қырғыз елшілігіне көмектескен. Айыр қалпақты ағайын осыған риза. Бұл туралы екі елдің сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлескен. Мұхтар Тілеуберді бауырлас елдер алдағы уақытта да бір-біріне әрдайым қамқор болып, көмек қолын созатынын жеткізді.