Сенатта еліміздің медиа саласын дамыту мәселелері талқыланды

Пандемия кезеңінде медиакоммуникацияның орыны ерекше болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, осы уақытта нақты мәліметтер мен тексерілген ақпарат тапшылығы байқалған. Бұл әрине алаңдатарлық жағдай. Себебі көпшілік беделді медиаларға емес, әлеуметтік желідегі жалған ақпаратқа көбірек сенді.

Сенатордың пайымынша, елде салалық журналистиканы дамытатын кез келді. Осы ретте депутаттар ғылымды дәріптейтін қоғамдық пікірдің көшбасшыларын дайындау қажеттігін сөз етті. Өйткені бұл медиа саласының сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл жиында инклюзивті қоғам құрудың маңыздылығы айтылды.