Тұрақтылық пен тәуелсіздікті сақтап қалу миссиясы жастарға тапсырылады

Ел саясатында жастарға басымдық беріліп отыр.

Мәжіліс депутаты Мәди Ахметовтың айтуынша, биыл өткізілген праймеризде «Нұр Отан» партиясы тізімдері арқылы мандат иеленген 600-ден астам жас депутат бар. Жақын арада Парламентте жастар саясатын реттейтін құжаттарға бірқатар өзгеріс енгізіледі. Сондай-ақ депутаттар волонтерлық қызметке қатысты заңның жобасын да қарастырып жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Елдіктің жеті тұғыры» қағидалар жинағын жариялағанда Қазақстанда дарынды, шығармашыл әрі жоғары мақсаттарға ұмтылған жастардың көп екендігін атап өткен болатын. Тұңғыш Президент бұл азаматтар тек еңбек пен өз біліміне сену керектігіне тоқталды.

Мәди Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- 30 жылда қол жеткізілген жетістіктерімізді әрі қарай жалғастыратын, тұрақтылық пен тәуелсіздікті сақтап қалатын үлкен миссия жастардың мойнына жүктеледі. Бәсекеге қабілетті, көкірегі ояу жастар буыны қалыптасып келе жатыр. Жастар кадрлық резерві болсын, Президент оны арнайы жасақтап, оларға мүмкіндік беріп отыр. Партия тарапынан праймериз арқылы іріктеліп алынған жастар болсын.