Қ.Тоқаев: Қазақ халқы – алтын орданың тікелей мұрагері

Алтын Орда орта ғасырдағы алып мемлекет ретінде белгілі. Қазақ халқы осы ұлық ұлыстың тікелей мұрагері болып саналады, деп хабарлайды Хабар 24.

Елордада өтіп жатқан ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Мемлекет басшысы ұлттың бай мұрасына, терең тарихына тоқталды. Алтын ордадан кейін тарих төріне Қазақ хандығының шыққанын айтты. Қазіргі таңда Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын, Әз Тәукенің Жеті жарғысын білмейтін қазақ кемде-кем деді. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды мерейлі мерекемен құттықтай отырып, осыдан отыз жыл бұрын бабалар арманын ақиқатқа айналдырғанымызды тілге тиек етті. Салтанатты рәсімге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысып жатыр. Айтулы шара туралы алдағы шығарылымдарда тарқатып айтамыз.