Асқар Мамин Мәскеуде Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді

Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті.

Тараптар екі ел арасындағы өзара байланысты одан әрі дамыту мәселелерін талқыға салды. Жыл басынан бері Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 30 процентке көбейіп, 19,5 миллиард долларға жетті. Көрші елден тартылған инвестиция көлемі де 17 процентке ұлғайыпты. Мұнай-химия, машина жасау және жеңіл өнеркәсіп салаларында ілгерілеу бар. Осы кездесуде тарнсшекаралық өзендердің мәселесі де тілге тиек етілді. Бұдан бөлек Асқар Мамин  Ресейдің мемлекеттік компаниялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшыларымен келіссөз жүргізді. 

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Елдер арасындағы сауда айналымы небәрі 10 айда 3 есеге өсті. Жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 24 млрд долларға дейін жетеді деген болжам бар. Екі елдің тарихында мұндай табысқа әлі қол жеткізбедік. Сондықтан арадағы байланыс беки түсті деп сеніммен айтуға болады.