Сенат депутат Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Нұрлан Наурызұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы өтініш білдірді. ОСК өтінішті қарап, Сенатқа ұсыныс берді», – деп мәлімдеді Мәулен Әшімбаев Сенат отырысында.

Депутаттар оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді.