Қылмыс жасаған адамдар заң бойынша жауапқа тартылады – Президент

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүлік кезінде құқық бұзушылық жасағандарға қатысты твиттерде былай деді: «Қасіретті қаңтар» оқиғалары кезінде және төтенше жағдай енгізілгеннен кейін түрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін 2 мыңға жуық адам ұсталды. Қылмыс жасаған адамдар заң бойынша жауапқа тартылады».

«Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырамын. Жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн».