Қ.Тоқаев: Халыққа қолдан келмейтін уәдені үйіп-төгудің қажеті жоқ

Партияның сайлауалды бағдарламасы 74 процентке орындалды, деп хабарлайды Хабар 24.

Үкімет былтыр жыл қорытындысын жасағанда осылай есеп берді. Алайда көздеген меженің орындалғанына, айтылған санның дұрыстығына кім кепіл? Мемлекет басшысы осы сауалды төтесінен қойды. Бұл ретте партияның өміршеңдігі сайлауалды бағдарламада қамтылған уәденің орындалуына тікелей байланысты екенін атап өтті. Халыққа іске асыруға мүмкін емес уәдені үйіп төгудің қажеті жоқ. Арық сөйлеп, семіз шығу керек. Бұл ретте Президент партияға Үкіметпен және әкімдіктермен бірлесіп сайлауалды бағдарламада қамтылған міндеттердің орындалуын қайта қарап шығуды тапсырды. Себебі қағазбастылыққа бой алдырған. Бұл жұмыстың ашықтығы әлеуметті таңқалдырды. Бұған ешкім шүбә келтіре алмас –деді Президент.