Бельгияда Еуроодақтың шұғыл саммиті өтеді. LIVE

Басқосуда 27 мемлекеттің лидерлері Ресейдің Украинаға қарсы әскери әрекетіне байланысты санкциялар қабылдамақ. Меншікті тілшіз Жант Эрнст Брюссельден тікелей эфирге қосылып, Еуроодақ пен НАТО-ның Украинадағы ахуалға байланысты ұстанымдарын және Еурокомиссия мен Еуропарламент өкілдерінің мәлімдемелері туралы баян етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жанат Эрнст, тілші:

– Бүгін таңертең Еуропалық комиссияның шұғыл отырысында Еуроодақ комиссарлары Украинадағы ахуалға қатысты Ресейге қарсы жаңа санкцияларды талқылады. Олар Ресейдің бұл әрекетін екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропадағы бір мемлекеттің екінші мемлекетке жасаған ең үлкен шабуылы деп айыптап отыр. Еуроодақтың 27 елінің басшысы ендлі шұғыл саммитке жиналып, қауымдастық тарихындағы ең қатаң анти-ресейлік санкциялар тізімін қабылдайды. Сондай-ақ, одақ Ресейдің активтерін тоқтатады. Ресейлік банктердің еуропалық қаржы нарығына, негізгі технологиялар мен нарықтарға кіруіне оңтайлы жолдарды жабады деген болжам бар. Бельгия ресейліктерге Еуропаға кіруге виза бермеуді ұсынып отыр. Ал Еуропалық Парламент, Ресей азаматтарының қолданыстағы визаларын толығымен жоюды ұсынады. Саммитке қатысушылар Еуроодақ басшылары Ресей экономикасының стратегиялық секторларына қарсы ауқымды шаралар пакетін ұсынатынын айтып отыр.

Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

– Бұл санкциялар Кремль мүдделері мен соғысты қаржыландыру мүмкіндіктеріне елеулі нұқсан келтіруге бағытталған. Ресейдің миллиондаған азаматы соғысты қаламайтынын білеміз. Президент Путин Ресей империясы дәуірін қайтарғысы келеді. Осымен Ресей халқының болашағына қауіп төндіріп тұр. Ресейді дереу қантөгісті тоқтатып, Украина аумағынан әскерін шығаруға шақырамын. Біз президент Путинге ондаған жылдар бойы Еуропаның бейбітішілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз еткен қауіпсіздік архитектурасын бұзуға жол бермейміз.

НАТО-ның штаб-пәтерінде Ресейге қатысты ауқымды шаралар қабылдау үшін блоктың барлық өкілдерімен шұғыл жиын өтті. Отырыс қорытындысы бойынша альянстың шығыс бөлігінде, яғни Шығыс Еуропа елдерінде қосымша құрлық, әуе және теңіз күштерін орналастыру туралы шешім қабылданды. НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің әрекетін қатты айыптап отыр. Ресейдің Украинаға негізсіз және жарияланбаған шабуылы жазықсыз адамдардың өміріне аса қауіп төндіретінін айтты.

Йенс Столтенберг, НАТО ұйымының бас хатшысы:

– Ресей басшылары осы әрекеттері мен қаза болған жандар үшін толығымен жауапты. НАТО ұйымындағы одақтас елдер Ресейдің Украинаға басқыншылығына үзілді-кесілді қарсы. Бұл халықаралық құқықты өрескел бұзу, дербес, тәуелсіз әрі бейбіт елге жасалған шапқыншылық, Еуроатлант аймағына төнген елеулі қауіп.

Біз Еуропалық Одақтың шұғыл саммитінің нәтижелерін күтеміз. Ресейге Еуропалық қоғамдастық нақты қандай санкциялар салатыны туралы қосымша хабарлайтын боламыз.