Мәжіліс депутаттары дәрігерлерге референдумның маңызын түсіндірді – Шымкент

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында «Жаңа Қазақстан» құрудағы референдумның рөлі талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәжіліс депутаттары бастаған топ дәрігерлермен кездесіп, маңызды науқанға үн қосуға шақырды. Ал республикалық штаб мүшелері науқан кезіндегі дауыс беру тәртібін түсіндіріп, референдумның – ел өмірін жаңа өзгерістерге бастайтын үлкен саяси реформа екенін айтты.  Медициналық мекеме көп салалы және заманауи жабдықтармен толыққан. Асар шағын ауданында орналасқан аурухана 315 орындық. Жиынға қатысқандар Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар өскелең ұрпақтың болашағын айқындайтын мүмкіндік екенін айтады.

Берік Уәли, «Хабар»Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:

– Референдум керісінше суперпрезиденттік модельден, яғни Мемлекет басшысы өзіне кейбір өкілеттіліктерін өзінен кейінгі билік тармақтарына бөліп беруге бағытталған. Бір ай берілген мерзім осы референдумға шығатын сұрақтарды 33-бабтағы өзгерістерді халыққа түсіндіру және халық тарапынан болған ұсыныстарды ескеруге бағытталған.

Берік Бекжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Қоғамның қалыптасуы Ата Заңымызға байланысты. Ал енді Ата Заңға енгілген өзгерістердің нақты бабтары елдің арасындағы азаматтық қоғамды дамытуға, елдің билікке араласуына, елдің жағдайының жақсаруына бастау болатындығы сөзсіз. Бұл жалпы халық тарапын үлкен қолдау табуда.