Грузиядағы қазақстандықтар өз таңдауын жасады

Грузияда жалпыхалықтық референдумға дауыс беру учаскесі құрылды.

Консулдық тіркеуде 82 отандасымыз болғанына қарамастан, саяси науқанға қатысуға ниет білдіргендер саны одан да көп. Таңнан бері №277 учаскеге гүржі елінде демалыста немесе іс-сапармен жүрген қазақстандықтар барып, таңдауын жасап жатыр. Батумиде тұрақты негізде тұрып жатқан отандастарымыз да Грузия астанасына ат басын бұрды. Ел азаматтары жырақта жүрсе де Отанда болып жатқан өзгерістерге бей-жай қарамайтынын байқатты. 

Арман Майкенов, Қазақстан азаматы:

-Елімізде өтіп жатқан референдумға қатысу үшін Батумиден Грузия астанасы Тбилисиге арнайы келдік. Гүржі елінде тұратын қазақстандықтар өз таңдауын жасайды деп ойлаймын. Себебі бүгін еліміз үшін, барша қазақстандықтар үшін өте маңызды күн.