АҚШ Қазақстанда өткен референдумды қолдайды

АҚШ Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жаңғыру және адам құқықтарын қорғау жүйесін жетілдірудегі реформаларын қолдайды.

5 маусымда өткен референдумды осы істі жүзеге асырудағы кезекті қадам ретінде қарастырады. АҚШ Мемлекеттік хатшысының Азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зея осылай деді. Ол адам құқықтарын қорғау саласын күшейтудің күрделі жолында әрдайым көмектесуге дайын екенін жеткізді.