Мемлекет басшысы Армения Премьер-министріне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Ереванда жойқын жарылыстан көптеген адамның қаза болуына байланысты Армения Премьер-министрі Никол Пашинянға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті барша армян халқына көз жұмған және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтатынын жеткізді. Осыдан бірнеше күн бұрын Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында жарылыс болып, 16 тұрғын ажал құшқан еді. Тағы 18 адам із-түзсіз жоғалып, 60-тан астамы жарақат алған. Қазір апат орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Армения төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сауда орталығының пиротехника өнімдері қоймасынан тұтанған өрт соңы жарылысқа ұласқан.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянға және барша армян халқына Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыстан көптеген адамның қаза болуына байланысты жеделхат жолдады.