ҚР ОСК: әрбір кандидаттың үгіт науқанына 10 млн теңге бөлінуі мүмкін

Белгілі болғанындай, таңғы сағат 10:30-дағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына әлі ешкімнен өтініш түспеген. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолғы саяси додада талап етілетін құжаттар саны 18 болып бекітілді. Олардың ішінде кандидаттарды ұсыну, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құжаттары бар. Сонымен қатар Президенттікке, кандидаттарға қойылатын талаптар бекітілді. Бұдан бөлек комсиссия мүшелері әр үміткердің үгіт науқанына бөлінетін қаржының алдын ала есебін жариялады.

Сәбила Мұстафина, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

– Президенттікке кандидаттардың әрқайсысына үгіт насихат науқанына мемлекет теңдей дәрежеде бюджеттен қаржы бөледі. Ол қаржының мақсатты түрде жұмсалуын Орталық сайлау комиссиясы қадағалайды. Алдын алап есеп бойынша әр кандидатқа шамамен 10 миллион теңге бөлінеді. Нақты сандарды Үкіметтің шешімінен кейін Орталық сайлау комиссиясының арнайы отырысында хабарлаймыз.