Алдағы уақытта Түркі инвестициялық қоры құрылады

Алдағы уақытта Түркі инвестициялық қоры құрылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымы мемлекет басшыларының саммитінде ұйым көшбасшылары осындай құжатқа қол қойды. Премьер - Министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, қор түркі мемлекеттерінің өзара іс-қимыл жобаларын қаржыландыратын болады.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Премьер - Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі:

- Инвестициялық қор құру жауапкершілікті арттыра түседі. Өйткені бұл қор дәл түркі мемлекеттерінің аумағындағы бірлескен жобаларды қаржыландыратын болады. Президент осы ұйымға мүше елдердің өндірушілері мен кәсіпкерлеріне ерекше мүмкіндік беру керектігін айтқан болатын. Осыған орай Түркістан қаласында экономикалық аймақ құру туралы шешім қабылданды.