Мемлекет басшысына Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы көптомдық таныстырылды
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия тиісті материалдарды жинап, соның негізінде дайындалған көптомдық Президентке таныстырылды. Құжат 31 томнан тұрады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа белгілі ғалымдар мен сарапшылардан құрылған комиссияның жұмысы туралы есебін мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жіті баяндап берді. Оның айтуынша, мамандар еліміздің архивтерінде, жабық қорларда ауқымды зерттеулер жүргізген. Құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, ведомстволық архивтерде ақпараттарды қолжетімді ету мен қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға қатысты жұмыс жалғасып жатыр. Биыл да Мемлекеттік комиссия қуғын-сүргін құрбандарының тарихын зерттеу, архив құжаттарын цифрландыру және электронды қорларды қалыптастыру бағытында ауқымды іс атқаратын болады.