Жаңа министрлерге қандай міндет жүктелді?
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов бүгін тағайындалған министрлерді жаңа ұжымдарына таныстырып, алдағы міндеттерін айқындап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алдымен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен оның ұжымына Президент креативті индустрияны дамыту бойынша бірқатар міндет қойғанын атап өтті. Ал Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті таныстыру кезінде ішкі сауданы дамыту, тауар мен қызмет экспортын ілгерілету үшін, маңызды міндеттер жүктеді. Премьер-министр Марат Қарабаевты Көлік министрлігінің ұжымымен таныстырып, саланы дамытудың стратегиялық маңызына тоқталды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова болса жұмысқа орналастыру, еңбек даулары, зейнетақы, жәрдемақы тағайындау мәселесін тиімді шешу керек. Ал Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жаңа ұжыммен бірге жүктелген міндеттерді уақтылы іске асыруы тиіс.