Д.Абаев В.Путинге сенім грамотасын тапсырды

Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Абаев президент Владимир Путинге сенім грамотасын тапсырды.

Салтанатты шара Кремльдің үлкен залында өтті. Оған 21 елдің дипломатиялық өкілдігінің басшысы қатысты. Ресей президенті өз сөзінде Қазақстан мен Ресей арасында 21-ші ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы келісім-шартқа 10 жыл толғанын атап өтті. Екі ел арасында көп салада ынтымақтастық жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Еліміздің келесі жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымында төрағалығына қолдау көрсететінін жеткізді.

Владимир Путин, Ресей президенті:
- Ресей мен Қазақстанның стратегиялық серіктестігі екі елдің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан тарихи, мәдени және достық қарым-қатынасқа негізделген. Жақында Астанаға сапарымыз екіжақты байланысымызды одан әрі дамытуға тың серпін берді. Осы айдың аяғында президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен Санкт-Петерборда Еуразиялық экономикалық одақ және ТМД саммитінде тағы кездесетін боламыз.