Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу 1976 жылы Алматы қаласында туған. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған. 1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі. 1999-2003 жылдары – Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігінің атташесі. 2003-2004 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы. 2004-2006 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі. 2007 жылы – ҚР Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы. 2007 жылы – ҚР Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары. 2007-2011 жылдары – ҚР Парламентінің Сенаты Аппаратының басшысы. 2011 жылы – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 2011 жылы – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры. 2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) Тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл. 2014-2016 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары. 2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2021-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2022 жылғы 5 қаңтар – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 2022-2023 жылдары – Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы. 2023 жылғы 3 сәуірден бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ағылшын және неміс тілдерін меңгерген. Үйленген, 4 баласы бар.